Біз атқаратын қызметімізге өзіміздің әлеуметтік-экономикалық әсерімізді де, әлеуметтік ортаның ықпалын да ұғынудамыз.

Зерттеулер мен әзірлемелерге тұрақты инвестиция сала отырып, біз бүкіл дүние жүзіндегі пациенттерді бағасы жағынан қолжетімді, жоғары сапалы, қауіпсіз және тиімді инновациялық генериктік дәрілік препараттармен қамтамасыз етеміз; аталған тәсіл әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде біздің жұмыстың іргетасы болып табылады.

Біз жақсы қарым-қатынас орнатылуына ықпал етіп, тең мүмкіндіктер саясатын көтермелей отырып, барлық мүдделес тұлғаларға жауапкершілікпен қараймыз. Біздің компания әділетті сыйақымен және адам құқықтарына құрметпен сипатталатын салауатты және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.

Біз ауқымды әлеуметтік ортаның бір бөлігі екенімізді мойындаймыз және оның дамуына оң ықпал етуді қамтамасыз етудеміз.

Біз әлеуметтік жауапкершіліктің үш негізгі саласын ерекшеледік: өнім сапасы және пациенттер қауіпсіздігі, мамандарды тарту мен тиімді кадрларды ұстап тұру және қолжетімді денсаулық сақтау.

 ӨНІМ САПАСЫ ЖӘНЕ ПАЦИЕНТТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

ӨНІМ САПАСЫ ЖӘНЕ ПАЦИЕНТТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ


Біздің өніміміз және көрсететін қызметтеріміз бүкіл дүние жүзіне жоғары сапа стандарттарымен белгілі. Пациенттер, дәрігерлер, фармацевтер және реттеуші органдардың оң пікірлері – бұл біз бәрінен жоғары бағалайтын құндылық.

ТОЛЫҒЫРАҚ
МАМАНДАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ КАДРЛАРДЫ ҰСТАП ТҰРУ

МАМАНДАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ КАДРЛАРДЫ ҰСТАП ТҰРУ


КРКА-да білім бағаланады. КРКА қызметкерлері жас мамандар бағалы тәжірибе алатын және дағдылар дарытатын екпінді және дамуға ұмтылатын ортаны қалыптастырады. Біз талантты кадрларды анықтаймыз, олардың айналасына өз болашағымызды құрамыз және оларға жетекші сарапшылар болуға көмектесеміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ
ҚОЛЖЕТІМДІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ҚОЛЖЕТІМДІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ


Жетекші генерик өндірушілердің бірі бола отырып, біз алдымызға қазіргі кезеңде ең көп таралған ауруларды емдеуге арналған жоғары сапалы, заманауи және қолжетімді препараттарды өндіру мақсатын қоямыз. Бүкіл дүние жүзінде 100 миллионнан астам пациент КРКА дәрілік заттарын күнделікті пайдаланады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК


Біз білімге, еңбексүйгіштікке және ынтымақтастыққа сенеміз, сондықтан жас мамандардың дамуын ынталандырамыз және әртүрлі қауымдастықтар мен мекемелерге қолдау білдіреміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қарауды жалғастыру

Multiparty banner 1

КРКА ТОБЫ

Біз сенім мен ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қалыптастыру қағидаттарын басшылыққа аламыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

КРКА дәрі-дәрмектеріне деген сенім біздің ғылыми зертханаларымыздан және өндірістік қуаттарымыздан басталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Біздің сараптамалық кеңестеріміз салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ